02.08.2016, 22:16 14822

Астанада кішкентай сәби 5-ші қабаттан құлап аман қалды

Бірақ хәлі нашар күйде ауруханаға түсті. Бір өкініштісі, Елордада терезедегі торды жыртып, далаға ауып кеткен ұл-қыздыӊ саны азаймай отыр. Сөйтіп масадан қорғайтын тор бөбектердіӊ өліміне не мүгедек боп қалуына әкеп соқтыруда. Оныӊ үстіне биыл Астанада жүздеген бала биіктен құлап ауыр жарақат алған. Ал дәрігерлер гипс салып үлгермей жатыр

Астана. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Бірақ хәлі нашар күйде ауруханаға түсті. Бір өкініштісі, Елордада терезедегі торды жыртып, далаға ауып кеткен ұл-қыздыӊ саны азаймай отыр. Сөйтіп масадан қорғайтын тор бөбектердіӊ өліміне не мүгедек боп қалуына әкеп соқтыруда. Оныӊ үстіне биыл Астанада жүздеген бала биіктен құлап ауыр жарақат алған. Ал дәрігерлер гипс салып үлгермей жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астананыӊ балалар ауруханасында бірнеше айдан бері тыным жоқ. Бүгін хирургтер басы жарылып, ауыр дене жарақатымен түскен 3 жасар сәбиді аман қалып алу үшін тағы барын салып жатыр. Ол 5-ші қабаттыӊ терезе жақтауында ойнап отырып, тордан ауып кетіпті. Бірнеше минуттан соӊ келген анасы баласын жерден қан-жоса күйінде тауып алып, еӊіреп жылаған, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

Реанимациядан шыққан Илимұса да гипс салынған аяғын ауырсынып жылап жатыр. Бірден енді асқан ұл екінші қабаттыӊ терезесінен жерге құлаған. Періштесі қаққан бала, ажалдан аман қалып қазір беті бері қарап келеді.

Айдана Сырбаева, Илимұсаныӊ анасы:

-Біз ата-анасы жұмыста болдық. Баламыз ата-әжесініӊ үйінде болған, екінші қабатта. Ата-әжесі біз келерде,саяжайға кетіп, 10 жасар інімізге қалдырып кеткен Мұсаны. Ол терезеніӊ алдында ойнатып тұрғанда байқаусызда тордан шығып кетіпті.

Тордан келген тажал үлкенді де, кішіні де аяп жатқан жоқ. Оныӊ үстіне жазғы каникул кезінде жоғарыдан құлап , басы жарылып қол-аяқтары сынғандар ауруханаға сыяр емес. Дабыл қаққан ақ халаттылар кішкентайларын қараусыз қалдыратын ата-аналардыӊ жауапсыздығына күйініп отыр.

Халық Күлманов, нейрохирург:

-23- бала жоғары қабаттардан құлап,жарақаттарымен түсті. Соныӊ ішінде 2 бала қайтып кетті. Қалғаны біздіӊ реанимация бөлімшесінде.

Осындай оқиғалар жазда көбейеді. Мәселен, жақында Алматыда аяққа енді тұрған ұл 12 қабатты үйдіӊ терезесінен құлап мерт болды. Бірақ, жантүршігерлік оқиғалар ата-аналарға сабақ болар емес. Осылайша, үлкендер масадан қорғанамыз деп жүргенде, зардабын кішкентайлар тартуда. Бұл сұмдықтыӊ алдын-алу үшін астаналық дәрігерлер әкімдікке хат жазып, үй саларда терезеніӊ мықтап бекітілуін сұраған. Ақ халаттылар жазда ашық тұратын терезедегі мұндай торларды кішкентай ұл-қызы бар отбасылардыӊ пайдаланбауын сұрап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны