03.05.2012, 13:27 3059

Астанада қызғанышқа бой алдырған әке өзін және 6 жасар ұлын атып өлтірген

Тексеру амалдарын жүргізу барысында көз жұмғандардың жеке тұлғасы анықталды. Олар: 29 жасар К. есімді азамат пен оның 6 жасар ұлы болып шықты, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - Астанада қызғанышқа бой алдырған әке өзін және 6 жасар ұлын атып өлтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астаналық полиция қызметкерлері ер адам мен баланың мәйіті бар "Фольксваген Пассат" маркалы көлікті тапқан.

Тексеру амалдарын жүргізу барысында көз жұмғандардың жеке тұлғасы анықталды. Олар: 29 жасар К. есімді азамат пен оның 6 жасар ұлы болып шықты, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Тексеру амалдарын жүргізіп жатқан басқарманың полиция қызметкерлері анықтағандай, қызғаншақтық өлімнің себепшісі болған. К. есімді азамат бұған дейін ажырасып кеткен азаматтық некедегі әйелінен ұлын алып, онымен бірге серуендеп келетіндігін айтқан.

Өзінің бұрынғы әйелі тұрмысқа шығуға дайындалып жатқандығынан хабардар болған ол өзін және баласын атып тастаған. Ол атасынан аңшы қаруын ұрлап алып, алдымен баласын, кейін өзін басынан атқан.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тексеру амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны