09.11.2009, 18:52 2878

Астанада қоймада шыққан өрттен 14 адам қаза тауып, біреуі зардап шекті - ТЖМ

Астанада қоймада шыққан өрттен 14 адам қаза тауып, біреуі зардап шекті. Өрт 8 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің шығу себептері мен шығын көлемі әзірге белгісіз.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Астанада қоймада шыққан өрттен 14 адам қаза тауып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің төрағасы, полковник Ескендіровқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өрт 8 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің шығу себептері мен шығын көлемі әзірге белгісіз.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанадағы Можайский көшесінде, жаңа көпір маңында 1200 шаршы метр аумақта пенопласт пен жылылағыштар қоймасы өртенуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны