10.05.2011, 10:00 2798

Астанада қоқыс жәшігінен мина табылды

ҚазАқпарат агенттігігің хабарлауынша, жарылғыш затты жергілікті тұрғын Жеңіс күні таңертеңгі сағат тоғыз жарымда Алматы ауданы, 4-ші шағынауданындағы жер үйлердің маңындағы қоқыс жәшігінен тауып алған. Белгілі болғандай, танкіге қарсы УТМ-62М үлгісіндегі мина оқу-жаттығуға арналған болып шықты.

Астана. 10 - мамыр. Kazakhstan Today - Астанада қоқыс жәшігінен мина табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігігің хабарлауынша, жарылғыш затты жергілікті тұрғын Жеңіс күні таңертеңгі сағат тоғыз жарымда Алматы ауданы, 4-ші шағынауданындағы жер үйлердің маңындағы қоқыс жәшігінен тауып алған. Белгілі болғандай, танкіге қарсы УТМ-62М үлгісіндегі мина оқу-жаттығуға арналған болып шықты.

Төтенше жағдайды жоюға шұғыл әрекет ету қызметі жұмылдырылды, соның ішінде ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД-ның 12 қызметкері мен 2 техникасы бар.

ҚР ІІМ-ның мамандары минаны жою үшін тәркілеген.

Сондай-ақ, Павлодар облысы Екібастұз ауданындағы Шиқылдақ ауылында авиабомба табылған.

Бомбаны 9 мамыр күні жергілікті тұрғын тауып алды. Төтенше жағдай орнынан жеткен құтқарушылар анықтағандай, табылған заттың ұзындығы - 80 см, диаметрі 35-40 см, бомбада ақ бояумен 2266 сандары жазылған. Табылған зат орнын ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлары жеткенше Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ешкімді жібермей, бақылауда ұстады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны