06.01.2014, 21:37 31678

Астанада көкөніс қоймасында жүк көлігі өртену салдарынан бір адам қаза тапты

Астанада кеше "СЗЦ Астана-Агро" ЖШС көкөніс қоймасының аумағында "Volvo" жүк көлігі отқа оранды.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. Астанада кеше "СЗЦ Астана-Агро" ЖШС көкөніс қоймасының аумағында "Volvo" жүк көлігі отқа оранды.

Тілсіз жау 25 минуттан кейін ауыздықталды. Отты сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 14 техникасы мен жеке құрамының 55 адамы жұмылдырылды. Автокөлік салонынан туған жылы белгісіз ер адамның денесі табылды.

Одан басқа жексенбі күні таңертең Ақтөбе қаласында тұрғын үйде 60 шаршы метр аумақта өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының ТЖД "МАО" ММ 1 техникасы мен 3 адамы; өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамының 15 адамы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны