15.12.2010, 13:31 3233

Астанада колледждердің бірінде жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін 800 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Астанада колледждердің бірінде жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін 800 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 15 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада колледждердің бірінде жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін 800 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, 2010 жылдың 14-желтоқсаны күні сағат 16.32 Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне, Сарыарқа ауданы Конституция көшесінде орналасқан Көлік және коммуникация колледжіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар келіп түскен.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 815 адам, соның ішінде 750 студент қауіпсіз жерге көшірілді. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында жарылғыш зат табылмады

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД шұғыл әрекет ету қызметінің 16 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ "ЦРАОСО" Мемлекеттік мекемесінің 5 адамы мен 1 техникасы және ҚР ТЖМ "Апатты медицина орталығы" мекемесінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны