30.11.2007, 10:29 2743

Астанада көмірқышқыл газынан улану салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды - ТЖМ

Астанада көмірқышқыл газынан улану салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды - ТЖМ

Астана. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада көмірқышқыл газынан улану салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.

Мекеме мәліметінше, 29 қарашада 22 сағат 30 минутта тұрмыстық газ баллонын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан үш адам көмірқышқыл газынан уланды.

"30 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жатқызылды", - деп нақтылайды ТЖМ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны