30.12.2008, 09:36 1652

Астанада көмірқышқыл газынан улану салдарынан жеті адам, соның ішінде төрт бала ауруханаға жеткізілді

Астанада көмірқышқыл газынан улану салдарынан жеті адам, соның ішінде төрт бала ауруханаға жеткізілді

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Астанада көмірқышқыл газынан улану салдарынан жеті адам, соның ішінде төрт бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 28 желтоқсанда сағат 16.12-де Астанада Сарыарқа ауданындағы Жаңа Қоныс көшесіндегі жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 25 және 20 жастағы қыздар мен бір жасар бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жеткізілді.

Сонымен бірге, 28 желтоқсанда сағат 16.12-де Астананың Алматы ауданында Айманов көшесіндегі жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 13 жастағы жасөспірім мен 6,4 және 3 жастағы үш бала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны