30.12.2010, 13:15 4138

Астанада көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, үш адам мерт болды

Астанада көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, үш адам мерт болды, олардың бірі бір жасар бүлдіршін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 30 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, үш адам мерт болды, олардың бірі бір жасар бүлдіршін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, өрт кеше сағат 17.34 Сарыарқа ауданы, Автоматика ықшамауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде болған. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау бір сағаттың ішінде сөндірілген. Оқиға орнынан 2009 жылы туған нәрестенің, 23 және 43 жастағы азаматтарың денелері табылған. Сондай-ақ көмірқышқыл газына уланған жаңа туған нәресте ауруханаға жеткізілген.

30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша департаментінің өртке қарсы қызметінің 22 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны