16.07.2009, 09:58 1284

Астанада көппәтерлі тұрғын үйде шыққан өрттің салдарынан 52 адам сыртқа шығарылды, зардап шеккен ешкім жоқ - ТЖМ

Астанада көппәтерлі тұрғын үйде шыққан өрттің салдарынан 52 адам сыртқа шығарылды, зардап шеккен ешкім жоқ - ТЖМ

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанада көппәтерлі тұрғын үйде шыққан өрттің салдарынан 52 адам сыртқа шығарылды, зардап шеккен ешкім жоқ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, өрт Кенесары көшесіндегі "Шапағат Нұры" тұрғын үй кешенінің аумағында болған. 17 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде 15 шілдеде сағат 09.36-да 12-ші қабаттағы пәтерде 16 шаршы метр аумақта өрт шықты. 52 адам сыртқа шығарылды. Құрбан болған және зардап шеккен ешкім жоқ.

Өрт Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 12 адамының күшімен 10 сағат 38 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны