15.02.2010, 10:07 1325

Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің бір кабинетінде өрт шықты

Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің бір кабинетінде өрт шықты

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің бір кабинетінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Сарыарқа ауданында Абай даңғылындағы ҚР Туризм және спорт министрлігі ғимаратының екінші қабатындағы №207 кабинетінде сағат 03.19-да 5 шаршы метр аумақта өрт шықты. Хабарламаға сәйкес, электр жылытқыш құрал мен кеңседегі жиһаз өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру постының күшімен 03 сағат 30 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны