08.10.2009, 09:47 1596

Астанада күкіртсутегінен улану салдарынан төрт жұмысшы ауруханаға жатқызылды

Астанада күкіртсутегінен улану салдарынан төрт жұмысшы ауруханаға жатқызылды

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Астанада күкіртсутегінен улану салдарынан төрт жұмысшы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы ауданындағы Училищная көшесінде 7 қазанда сағат 18.30-да кәріз люкінде монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде "АБМ" ЖШС-нің 35, 21, 26 және 40 жастағы төрт жұмысшысы күкіртсутегінен улану салдарынан ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны