05.07.2006, 10:23 2456

Астанада құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Астананың Алматы ауданында құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 4-шілдеде 19 сағат 58 минутта “Радуга” атты салынып жатқан тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары барысында 8-қабаттан 22 жастағы жұмысшы құлап қаза тапты.

Сонымен бірге Таразда “Орынбаев Д” атты жеке кәсіпорынның наубайханасында 23 сағатта қамыр бөлгіш аппаратты тазарту жұмыстары кезінде 18 жастағы жұмысшы жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны