05.04.2007, 17:21 3237

Астанада құрылыс шығыраны құлап қалды, құрбан болған ешкім жоқ

АСТАНА. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Астанада құрылыс шығыраны құлап қалды, зардап шеккен және құрбан болған ешкім жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін түс әлетінде алтыншы ықшамауданда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің жанында болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Құрылыс алаңының маңындағы көлік тұрағында тұрған екі автокөлікке ғана мардымсыз зақым келген.

Оқыс оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері болды. Астананың жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінің Kazakhstan Today тілшісіне хабарлауынша, "шығыранды тасымалдау кезінде дұрыс бекітпеген, соның салдарынан ол жүк көлігінің платформасынан шығып кеткен".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны