07.09.2009, 08:54 1773

Астанада құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы жарақаттанды

Астанада құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы жарақаттанды

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы 6-шы қабаттан 4-ші қабатқа құлап, жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астананың Сарыарқа ауданындағы Тілендиев даңғылында салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үйде 6 қыркүйек күні сағат 09.19-да құрылыс жұмыстары кезінде "Найза-тас" ЖШС-нің тас қалаушысы 6-шы қабаттан 4-ші қабатқа құлады. Жарақат салдарынан 35 жастағы жұмысшы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны