04.03.2011, 13:29 3109

Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жоғары қабаттан құлаған екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді

Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жоғары қабаттан құлаған екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 4 - наурыз. Kazakhstan Today - Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жоғары қабаттан құлаған екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 3 наурыз күні түс ауа Алматы ауданы Қалдаяқов көшесінде бой көтеріп жатқан 6 қабатты "Қалалық романс" тұрғын үй кешенінің 5-ші қабатынан екінші қабатқа "Мади" ЖШС-ның 32, "Базис Фасад" ЖШС-ның 31 жастағы екі жұмысшысы құлап кеткен.

Зардап шеккендер әртүрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны