11.04.2013, 16:11 3242

Астанада құрылысшылар салынып жатқан биік үйден құлап, мерт болды

"10 сәуір күні сағат 17.02-де жаңадан салынып жатқан "Европа Палас" тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан монтаждаушылар 12 метр биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмды. Олар "Kazbuild Engineering" ЖШС-та жұмыс істеген 1985 жылы туған Ф.Диқанбаев пен 1980 жылы туған М.Өскенбаев. Қаза болғандардың екеуі де Қырғызстан Республикасының азаматтары", - делінген ақпаратта.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Астанада құрылысшылар салынып жатқан биік үйден құлап, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, елорданың "Есіл" ауданында монтаждаушылар салынып жатқан биік үйден құлап, мерт болды.

"10 сәуір күні сағат 17.02-де жаңадан салынып жатқан "Европа Палас" тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан монтаждаушылар 12 метр биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмды. Олар "Kazbuild Engineering" ЖШС-та жұмыс істеген 1985 жылы туған Ф.Диқанбаев пен 1980 жылы туған М.Өскенбаев. Қаза болғандардың екеуі де Қырғызстан Республикасының азаматтары", - делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны