19.06.2008, 09:26 1352

Астанада құрылыстағы оқыс оқиға салдарынан бір жұмысшы мерт болды

Астанада құрылыстағы оқыс оқиға салдарынан бір жұмысшы мерт болды

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада құрылыстағы оқыс оқиға салдарынан бір жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 18 маусымда 11 сағат 13 минутта Астанада "Восток" тұрғын үй кешенінің құрылыс нысаны аумағында дәнекерлеу жұмыстары кезінде "СтройАстық" ЖШС-нің дәнекершісі 5-қабаттан құлады. Оқыс оқиға салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны