14.01.2009, 09:44 1649

Астанада мектеп ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпараттың салдарынан 1000 адам сыртқа шығарылды

Астанада мектеп ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпараттың салдарынан 1000 адам сыртқа шығарылды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Астанада мектеп ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпараттың салдарынан 1000 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 13 қарашада сағат 13.38-де ІІД кезекші пультіне Сарыарқа ауданы Бөгенбай батыр көшесіндегі №7 орта мектептің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті.

Ғимараттан 1000 адам сыртқа шығарылды. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны