28.02.2007, 10:16 3033

Астанада моншадағы жарылыс салдарынан бір адам мерт болып, тағы екеуі жараланды

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Астанада моншадағы жарылыс салдарынан бір адам мерт болып, тағы екеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Алматы ауданында 27 -ақпанда 20 сағат 35 минутта болған. Қоғамдық моншаның бу қазандығында қазандықтың жарылуы салдарынан 200 шаршы метр аумақта шатыр құлап, қабырғалар жартылай қирады.

Апат салдарынан 40-50 жастар шамасындағы бір ер адам оқиға орнында мерт болып, тағы екі адам күйікпен және түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны