14.02.2013, 11:48 3264

Астанада мұнай және газ компанияларының форумы басталды

Форумның негiзгi мақсаты - мұнай-газ компанияларымен тауарларды, жұмыстар мен қызмет түрлерiн сатып алудың орта мерзiмдi кезеңдегi жоспарларын, бiрiншi кезекте Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ең iрi жобаларының бiрi - "Теңiзшевройл" ЖШС-ның Келешек кеңейту жобасын ашу.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Астанада мұнай және газ компанияларының "Мұнай және газ: қазақстандық қамту - 2013" форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Форумның негiзгi мақсаты - мұнай-газ компанияларымен тауарларды, жұмыстар мен қызмет түрлерiн сатып алудың орта мерзiмдi кезеңдегi жоспарларын, бiрiншi кезекте Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ең iрi жобаларының бiрi - "Теңiзшевройл" ЖШС-ның Келешек кеңейту жобасын ашу.

Аталмыш шара шеңберiнде мұнай және газ компанияларының көрмесi өтедi.

Форумға ҚР Мұнай және газ министрлiгiнiң жауапты хатшысы Қ.Сафинов , Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Н.Сауранбаев, "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.Жақиев, Қазақстанның сервистiк компаниялар одағы президиумының төрағасы Ж.Кәкішев және де салалық министрлiктер, қауымдастықтар, 250-ге жуық қазақстандық өндiрушiлер және де Норвегия, Франция, Ресейдiң сервистiк компаниялары қауымдастықтарының басшылары қатысуда.

"Жергiлiктi қамтуды дамытып, Қазақстанның экономикасын әртараптандыру - әрдайым Мемлекет басшысының назарында. Бұл ретте, кен өндiрушiлер мен пайдаланушылардың орны ерекше екенін айту керек. Мұнай және газ компанияларының инвестициялары Қазақстанның экономикасына өзiндiк үлес қосатыны сөзсiз. Бұл бағытта бiз бiрқатар жетiстiкке қол жеткiзiп үлгердiк, дегенмен алда тұрған күрделi мәселелер әлi де бар және оларды бүгiнгi форум барысында талқылайтын боламыз", - дедi форумды ашқан ҚР Мұнай және газ министрлiгiнiң жауапты хатшысы Қанатбек Сафинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны