20.07.2006, 16:51 3058

Астанада мұнара краны құлап, кранның жүргізушісі мерт болды

АСТАНА. 20 шілде. Kazakhstan Today. Астанада мұнара кранының құлауы салдарынан жүргізуші әйел қаза тапты. Бұл жөнінде агенттікке төтенше жағдайлар Министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлаған.

ҚР төтенше жағдайлар Министрлігінің түсініктемесіне қарағанда, 19 шілде күні 18 сағат 46 минутта БК-403 мұнара кранының оң жақтағы релсі шытынап, кран аударылған. Оқиға салдарынан жарақат алған 46 жастағы әйел сол жерде қаза тапты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны