22.01.2008, 18:23 3357

Астанада неміс журналисін тонау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - Астананың ІІД

Астанада неміс журналисін тонау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - Астананың ІІД

Астана. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Германияның ARD бірінші жалпыұлттық телевизиясының журналисі Маркус Бенсменді соққыға жығып, тонау дерегіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 178-бабының 1-тармағы бойынша (тонау) қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Астана қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазіргі уақытта аталмыш қылмысты ашуға департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылған, іс Ішкі істер департаменті бастығының өз бақылауында",- деп хабарлады мекемедегілер.

Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 19-қаңтарында М. Бенсмен Астананың түнгі клубтары туралы фильм түсіру үшін Алматыдан Астанаға келген. 20-қаңтарға қараған түні 22.20 шамасында жәбірленуші түнгі клубтан шығып, көлік тоқтатып, отырған (оның айтуынша баран түсті "Мерседес" көлігі). Одан кейін ештеңе есімде жоқ, есімді тек ауруханада жыйдым, дейді журналист.

"Сол түні кездейсоқ жүргіншілер Астана - Павлодар тасжолының бойынан тоналып, қатты үсінген неміс журналисін тауып алған",- деп хабарлады ішкі істер департаментіндегілер.

М. Бенсмен жеткізілген қалалық ауруханадағы ақпарат көзінің хабарлауынша, жәбірленуші аяқ-қолдарының үсіп кеткендігінен ауыр халде. Сонымен қатар, дәрігерлер оның бас жарақатын алып, жақтарының сынғандығын айтуда.

Сондай-ақ Астанаға ARD телекомпаниясының өкілдері де келіп жеткен, олар қазіргі уақытта Германияның Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жәбірленушіні Германияға жеткізуді ұйымдасыту мәселесімен айналысуда, деп хабарлады агенттік тілшісіне Германия елшілігіндегі ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны