28.09.2006, 17:20 2895

Астанада несие түрінде қате берілген 10 мың доллар қаржы "Тексака-банкке" қайтарылды

АСТАНА. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қылмыстық полицияның қызметкерлері несие түрінде қате берілген 10 мың доллар қаржыны "Тексака-банкке" қайтарды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ қылмыстық полициясы комитетінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27-қыркүйекте "Тексака-банк" АҚ-ның Астанадағы бөлімшесінің басшылғынан ҚР ІІМ қылмыстық полициясы комитетіне арыз келіп түскен. Онда банк басшылығы аталмыш банктің кассирі қателесіп бір әйел клиентке 1000 доллар көлеміндегі тұтыным несиесінің орнына 10 мың доллар беріп қойғанын хабарлаған.

Кассирден ақшаны алған әйел ізін жасырып кеткен.

Шұғыл іздестіру шараларының барысында іздеудегі әйелдің бірге тұратын көңілдесінің тұрғылықты жері анықталып, сол жерден табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны