10.07.2026, 14:14 44781

Астанада қоқыс полигонында 130 адам өрт сөндіруде

Жедел штаб құрылды
Астананың Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртті сөндіруге 130 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар және кәсіпорын қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеуде. Жедел штаб құрылды. ТЖМ басшылығы оқиға орнында болып, өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіруде. Өртті сөндіруге барлығы 130-ға жуық жеке құрам қызметкері мен 70-тен астам техника жұмылдырылған", - деп мәлімдеді ведомство.


Өртті сөндіру жұмыстары қою түтінге, сондай-ақ үйілген қоқыстың тұрақсыз әрі борпылдақ күйіне байланысты күрделенуде. Бұл өрт сөндіру және қосалқы техниканың қозғалысын, сондай-ақ өрт оқпандарымен жұмыс жасауды қиындатып отыр.

"Өрт ошақтарына инертті материалды жеткізу үшін полигонның батыс бөлігінде ұзындығы шамамен 200 метр болатын уақытша үйінді жол салынды. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын жабуға шамамен 2,6 мың тонна инертті материал жеткізілді. Жағдай ТЖМ бақылауында. Құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастыруда", - деп атап көрсетті баспасөз қызметінен.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны