12.01.2012, 12:29 3449

Астанада өгей әкесін пышақтап өлтірген жігіт ұсталды

"Астана полициясына тұрғын үй пәтерінде ер адамның мәйіті табылғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Қылмыстық оқиға орнына келіп жеткен полицейлер 53 жасар ер азаматтың пәтерде көңілдесі және оның ұлымен бірге тұрғанын анықтады", - деп айтылған хабарламада.

Астана. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада өгей әкесін пышақтап өлтірген жігіт ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астана ішкі істер департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері ізін суытпай қылмыстық оқиғаның басын ашқан.

"Астана полициясына тұрғын үй пәтерінде ер адамның мәйіті табылғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Қылмыстық оқиға орнына келіп жеткен полицейлер 53 жасар ер азаматтың пәтерде көңілдесі және оның ұлымен бірге тұрғанын анықтады", - деп айтылған хабарламада.

Тергеу барысында анықталғандай, бірге ішімдік ішу барысында жас бала мен өгей әкесінің арасында ұрыс пайда болып, оның соңы пышақтасумен аяқталды. Анасының көңілдесінің кеудесіне пышақ салған жігіт үйден далаға қашып шыққан.

"Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталып, Астала қаласы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жауап алу кезінде ол өгей әкесін өзі өлтіргенін мойындады", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны