23.01.2009, 09:49 1867

Астанада өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты

Астанада өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Астана қаласының Сарыарқа ауданы Степная көшесінде жер үйде 22 қаңтарда сағат 10.43-те 9 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Өрт Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 9 адамының көмегімен 11 сағат 44 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны