15.04.2013, 12:46 3897

Астанада өрт салдарынан екі бала көз жұмды

"Кеше 17 сағ. 58 минутта өрт сөндіру қызметіне Аманат, 28 мекен жайындағы жеке коттедж ауласында уақытша салынған құрылыс нысанында өрт шыққаны жөнінде телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Төтенше жағдай орын алған жерге өрт сөндірушілер 7 минутта жетті, құтқарушылар келгенше от жалыны барлық ғимаратты алып үлгерген", - деді Аягөз Фазылова.

Астана. 15-сәуір. Kazakhstan Today - Астанада тілсіз жаудан екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі баспасөз қызметінің бастығы Аягөз Фазылова мәлім етті.

"Кеше 17 сағ. 58 минутта өрт сөндіру қызметіне Аманат, 28 мекен жайындағы жеке коттедж ауласында уақытша салынған құрылыс нысанында өрт шыққаны жөнінде телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Төтенше жағдай орын алған жерге өрт сөндірушілер 7 минутта жетті, құтқарушылар келгенше от жалыны барлық ғимаратты алып үлгерген", - деді Аягөз Фазылова.

Өртенген жер аумағы 40 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 2011 мен 2013 жылдары туған екі бала көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, олар термикалық күйік шалу және түтіннен иіс тию салдарынан қайтыс болған. Өрт 20 минуттың ішінде ауыздықталды, өртті сөндіру жұмыстарына ҚР ТЖМ МАО, Астана қаласы ТЖД күштері мен құрал-жабдықтары (жеке жасақтың 16 қызметкері мен 4 техника) тартылды.

Болжам бойынша, өрттің шығуына пешпен жылыту жүйесінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған. Екі бала ата-ананың қарауынсыз үйде жалғыз қалған. Ең кішісі екі айға да толып үлгермепті.

"Осындай қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігіне аса ұқыптылықпен қарап, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды өтінеміз", - деп атап өтті баспасөз қызметінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны