14.02.2013, 11:36 3707

Астанада өрт шығып, үш бала көз жұмды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке үйдің аумағындағы уақытша тұрғын үй құрылысынан шықққан өрт салдарынан үш бала көз жұмып, тағы біреуі жараланды.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Астанада өрт шығып, үш бала көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке үйдің аумағындағы уақытша тұрғын үй құрылысынан шықққан өрт салдарынан үш бала көз жұмып, тағы біреуі жараланды.

Ведомствоның мәліметі бойынша, қайғылы оқиға өткен сәрсенбіде күндіз орын алған.

"Уақытша құрылыстың бөлме арасындағы қалқасы мен шатыр өртенген. Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 23 адам және 5 дана техника; "ҚР ТЖМ "МАО" ММ-дан 3 адам және 1 дана техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 2010, 2011 және 2013 жылы туған үш бала оқиға орнында көз жұмды. Тұншықтырғыш газбен уланған және түрлі күйік жарақатын алған 2008 жылы туған тағы бір бала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны