29.01.2013, 12:09 4299

Астанада Орталық базар өртеніп жатыр

Астана қаласының Орталық базарында өрт шықты. Осы оқиғаға қатысты түсініктеме берген Астана қаласы ТЖД баспасөз хатшысының айтуынша, өртенген жер аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрайды.

Астана. 29-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада Орталық базар өртеніп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана қаласының Орталық базарында өрт шықты. Осы оқиғаға қатысты түсініктеме берген Астана қаласы ТЖД баспасөз хатшысының айтуынша, өртенген жер аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрайды.

"Болжам бойынша, өртенген аумақ шамамен 1000 шаршы метрді құрап отыр. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда", - деді Астана қаласы ТЖД баспасөз хатшысы Гүлмира Есмағанбетова.

Изірге өрттің шығу себептері нақтыланған жоқ. Ал осы базарда сауда жасайтын контейнер иегері Лариса Абибуллаеваның айтуынша, өрт ашық базар ортасындағы екі аяқ киім сату контейнерінің бірінен шығып, тауар сақтау қоймасына шарпыған.

"Сақтау қоймасында өрт шықты деп бізді Орталық базар әкімшілігі шақыртты. Мен өзім сөмке сатамын. Сақтау қоймасындағы 600-700 мың теңгенің тауары жанып кетті. Маған ол шығынды кім өтейтіні белгісіз", - дейді саудагер Лариса Абибуллаева.

Астана қаласы ТЖД баспасөз хатшысының берген мәліметтеріне сәйкес, тілсіз жаумен күресуге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 76 қызметкері, 17 негізгі және 7 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны