03.10.2007, 17:18 3240

Астанада пәтерлер мен кеңселерді тонауды кәсіп еткен банда ұсталды

Астанада пәтерлер мен кеңселерді тонауды кәсіп еткен банда ұсталды

Павлодар. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада пәтерлер мен кеңселерді тонауды кәсіп еткен, Павлодар облысының төрт тұрғынынан құралған банда ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Павлодар облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Жанна Белялова хабарлады.

"Ұрылар тобы арнайы операциялардың бірі кезінде ұсталған, белгілі болғандай, Астанада Павлодар облысының тұрғындары оннан астам пәтерлер мен кеңселерді тонаған",- деп атап өтті Ж. Белялова.

Оның айтуынша, ұсталған екі азамат - Екібастұздың тұрғындары, тағы екеуі Ақсуда тұрады.

"Астанадағы криминалдық полициядағы әріптестеріміз қазір олардың астанада тұрақты тұратын сыбайластарын іздестіруде",- деді Ж. Белялова.

Баспасөз қызметі бастығының ақпараттарына сүйенсек, соңғы рет, 25-қыркүйекте, ұрылар астаналық фирмалардың бірінің кеңсесін тонаған. Ж. Белялованың айтуынша, қылмыскерлер 10 млн теңгеден астам сомадағы компьютерлік техникалар мен ақша, қымбат программалық қамсыздандыру салынған сейфті қолды қылған.

Қазір ұсталғандар Астана қаласының уақытша тергеу изоляторына қамалған, оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша айып тағылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны