17.01.2011, 14:55 3602

Астанада пештен шыққан ақау салдарынан 12 адам көмірқышқыл газына уланып қалды

Астанада өткен тәулікте пештен шыққан ақау салдарынан 12 адам көмірқышқыл газына уланып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 17 - қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада өткен тәулікте пештен шыққан ақау салдарынан 12 адам көмірқышқыл газына уланып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, дүйсенбіге қараған түні Жаңа Ильинка ауылының сегіз тұрғыны пештен шыққан ақау салдарынан көмірқышқыл газына уланып қалып, ауруханаға жеткізілген. "Қатты отынмен жанатын пештің бақылаусыз қалдырылуынан, орташа ауыртпалықта тұншықтырғыш газдан уланған жанұяның сегіз мүшесі, соның ішінде үш бала ауруханаға жатқызылды", - деп айтылған хабарламада.

Сондай-ақ, жексенбі күні таңертең Астананың "Полянка" саяжайлық қоғамдастығына қарасты саяжайда ұжымының төрт тұрғыны ауруханаға жеткізілді. ТЖМ мәліметінше, тұншықтырғыш газдан уланудың себебі пештің бақылаусыз қалуы екендігі анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны