31.01.2011, 16:32 6638

Астанада пойыз жолсерігі электр тоғына соғылып, мерт болды

Астанада пойыз жолсерігі электр тоғына соғылып, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 31 - қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада пойыз жолсерігі электр тоғына соғылып, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, оқыс оқиға 29-қаңтар күні теміржол вокзалында болған. "Астана - Маңғышылақ бағытындағы № 37 рейстің № 15 вагонының 33 жасар жолсерігі вагонның шатырында пештің трубасын тазалау кезінде, байқаусызда жоғары кернеулі электр желісін қағып кеткен. Соның салдарынан ол жедел жәрдем келгенше оқиға орнында мерт болды",- деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны