01.04.2016, 11:19 6204

Астанада салынып жатқан "Ибу-Даби Плаза" кешені үшінші рет өртенді

Астана ТЖД ақпаратынша, 1 сәуір күні түнгі сағат 00:43-те құрылысы жүріп жатқан "Ибу-Даби Плаза" кешенініӊ төменгі қабаттары түтіндеп жатқаны туралы хабар келіп түсті

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін түнде Астанада салынып жатқан "Ибу-Даби Плаза" кешенінен тағы өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана ТЖД ақпаратынша, 1 сәуір күні түнгі сағат 00:43-те құрылысы жүріп жатқан "Ибу-Даби Плаза" кешенініӊ төменгі қабаттары түтіндеп жатқаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"00:49-да өрт бөлімшелері оқиға орнына келіп жеткен кезде минус екінші қабатта жылу өткізбейтін материал жанып жатқан. Тілсіз жау 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт 01:16-да ауыздықталып, сағат 03:25-те толығымен сөндірілді", - деп мәлімдеді ТЖД-дан.

ТЖ салдарын жоюға елордалық өрт сөндіру қызметініӊ 10 дана техникасы мен жеке құрамныӊ 41 адамы, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығыныӊ жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны