06.04.2010, 10:15 2797

Астанада шағын станциядағы апат салдарынан алты тұрғын үй жарықсыз қалды - ТЖМ

Астанада шағын станциядағы апат салдарынан алты тұрғын үй жарықсыз қалды - ТЖМ

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Астанадағы Жастар ықшамауданында кеше кешке 10 кВ шағын станцияны су алу салдарынан алты тұрғын үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 5 сәуірде сағат 19.30-да шағын станцияны су алу салдарынан жарық апаттық жағдайда үзілді. 6 сәуірде электр қамтамасыздығы толық қалпына келтірілді.

Оқыс оқиғаны жоюға "Астана Тазалық" ЖШС-нің 2 адамы мен 1 техникасы, "Қалалық электр желілері" АҚ-ның 8 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны