05.05.2011, 09:30 3314

Астанада шыққан өрт салдарынан екі бала ауруханаға жеткізілді

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жеке үйдің аумағындағы уақытша құрылыста болған өрттен екі бала күйіп қалған.

Астана. 5 - мамыр. Kazakhstan Today - Астанада шыққан өрт салдарынан екі бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жеке үйдің аумағындағы уақытша құрылыста болған өрттен екі бала күйіп қалған.

"Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт шыққан жерден термикалық күйіктер алып, жеті және алты жасар апалы-сіңілі екі бала ауруханаға жеткізілді", - деп көрсетілген бейсенбіде таратылған хабарламада.

Өртті жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 13 қызметкері мен және 3 бірлік техника жұмырдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны