25.02.2010, 10:39 1431

Астанада су қамтамасыздығы жүйесінде апат шықты

Астанада су қамтамасыздығы жүйесінде апат шықты

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада 24 ақпанда су қамтамасыздығы жүйесінде апат шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мұңайтпасов пен Манас көшелерінің қиылысында сағат 11.00-де диаметрі 300 миллиметрлік су құбыры жарылды. Соның салдарынан Энергетик кентінің тұрғындары, Қалалық №2 балалар ауруханасы, Қалалық №6 балалар емханасы мен "Данияр" қонақ үйі сусыз қалды.

ТЖМ мәліметінше, сағат 14.10-да су қамтамасыздығы қайта жанданды.

Төтенше жағдайды жоюға "Астана Су Арнасы"" ҚКК апаттық тобының 11 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны