10.05.2011, 09:30 2593

Астанада су құбыры жарылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше 9-мамыр күні Астана қаласында 15 тұрғын үйдің тұрғындары бес сағаттан астам уақытқа сусыз қалған.

Астана. 10 - мамыр. Kazakhstan Today - Астанада су құбыры жарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше 9-мамыр күні Астана қаласында 15 тұрғын үйдің тұрғындары бес сағаттан астам уақытқа сусыз қалған.

Оқиға құбырлардың тозығы жетіп, жарылуынан болған. Соның салдарынан ауқымы 600 мм болатын жарық пайда болған.

"Сағат шамамен 16.20 кезінде жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, сумен қамтамасыз ету қайта қалпына келтірілген. Ақауды жөндеу жұмыстарына "Астана су арнасы" ҚКК 14 қызметкері мен 8 бірлік техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады ҚР ТЖМ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны