16.09.2009, 09:44 1383

Астанада су құбырында апат болды

Астанада су құбырында апат болды

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада су құбырында апат болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қабанбай батыр даңғылында, Астана циркінің қарсы алдында 15 қыркүйекте сағат 16.15-те "Алсим Аларко" ЖШС құбыр тарту барысында диаметрі 600 миллиметрлік құбырға зақым келді.

Соның салдарынан "Достық" ықшамауданындағы бір, Сауран көшесіндегі бір, Сығанақ көшесіндегі екі және "Чубары" ықшамауданы мен Комсомольский кентіндегі үйлердің бір бөлігі сусыз қалды.

Төтенше жағдайды жоюға "Астана Су Арнасы" ҚКК апаттық тобы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны