08.10.2009, 09:29 1766

Астанада су құбырында апат болды

Астанада су құбырында апат болды

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Астанада су құбырында апат болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Астананың Алматы ауданында Абай даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында кеше кешке сағат 17.00-де құбырдың тозуы салдарынан диаметрі 900 миллиметрлік су құбыры жарылды".

ТЖМ хабарына сәйкес, "халыққа ауыз су айналма құбырлар арқылы берілді".

Жөндеу жұмыстарын "Астана Су Арнасы" ҚКК-ның 25 адам мен 12 техникадан құралған апаттық тобы жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны