05.01.2012, 10:14 2936

Астанада су құбырында апат болып, бірқатан тұрғын үй кешендері сусыз қалды

Астанада құбырдың жарылып кетуі салдарынан 5 тұрғын үй кешені, Бейбітшілік және келісім сарайы,Тәуелсіздік сарайы және Шабыт шығармашылығы сарайы сусыз қалды.

Астана. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада су құбырында апат болып, бірқатан тұрғын үй кешендері сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанада құбырдың жарылып кетуі салдарынан 5 тұрғын үй кешені, Бейбітшілік және келісім сарайы,Тәуелсіздік сарайы және Шабыт шығармашылығы сарайы сусыз қалды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған.

"4 қаңтар сағат 16. 00-де елордадағы "Алматы" ауданының Тәуелсіздік көшесінде су құбыры диаметрі 400 мм. көлемінде жарылып кетті. Соның салдарынан "Гранд Астана" ТҮ, "Хайвил" ТҮ, "Французский квартал" ТҮ, "Сказочный мир" ТҮ, "Абылайхан" ТҮ, Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Шабыт шығармашылық орталығы сияқты бірқатар үйлер мен мекемелердің тұтынушылары сусыз қалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 4 қаңтар сағ.16:30-да Тәуелсіздік пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында су құбыры 400 мм-ге дейін жарылып кетті. Салдарынан Қажымұқан көшесіндегі 2 және 4 -ші үй, сондай-ақ Петрова көшесінің 2-ші үйі сусыз қалды.

ТЖ жоюға 10 адам мен "Астана Су Арнасы" МКМ-нің апат бригадасының 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны