25.03.2011, 14:28 3848

Астанада су құбырында болған апат салдары жойылды

Астанада су құбырында болған апат салдары жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - наурыз. Kazakhstan Today - Астанада су құбырында болған апат салдары жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың 24-наурызында сағат 11 Астана қаласының Сарыарқа ауданында су құбырларының тозып кетуі салдарынан 200 миллиметрлі су құбыры жарылып, соның салдарынан Құтпанов көшесіндегі 14 үй, Республика даңғылындағы 8 үй, Ақжайық көшесіндегі 4 үй, Гете көшесіндегі 3 үй сусыз қалған болатын.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға "Астана су арнасы" МКК 12 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны