15.04.2011, 14:40 3459

Астанада су құбырында болған апат салдарынан 10 астам үй сусыз қалды

Астанада су құбырында болған апат салдарынан 10 астам үй сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - Астанада су құбырында болған апат салдарынан 10 астам үй сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың 14-сәуірінде сағат 16.00 Астана қаласының Сарыарка ауданында тозығы жеткен диаметрі 100 мм құбыр жарылған.

Соның салдарынан Республика даңғылының екі көпқабатты үйдің тұрғындары, Республика даңғылындағы № 46, 48 үйдің, Ы. Дүкенұлы көшесіндегі № 16, 16/1, 18, 21, 21/1, 23, 23/1 үйлердің және Ш. Айманов көшесіндегі № 9, 11 көпқабатты үйдің тұрғындары сусыз қалған.

ТЖ жоюға "Астана Су Арнасы" МҚК 10 қызметкері мен және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны