09.10.2009, 09:45 1556

Астанада су құбырында болған апат жойылды

Астанада су құбырында болған апат жойылды

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Астанада су құбырында болған апат жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын "Астана Су Арнасы" ҚКК-ның 25 адам мен 12 техникадан құралған апаттық тобы жүргізді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астананың Алматы ауданында Абай даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында 7 қазанда кешке сағат 17.00-де құбырдың тозуы салдарынан диаметрі 900 миллиметрлік су құбыры жарылды.

ТЖМ хабарына сәйкес, "халыққа ауыз су айналма құбырлар арқылы берілді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны