27.05.2010, 11:40 1659

Астанада су құбырында тағы бір апат болды

Астанада су құбырында тағы бір апат болды

Астана. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада су құбырында тағы бір апат болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 мамырда сағат 16.35-те Сарыарқа ауданында құбырдың тозуы салдарынан диаметрі 150 миллиметрлік су құбыры жарылды. Соның салдарынан Тимирязев көшесіндегі №8 үйдің, Ақжайық көшесіндегі №23, 24, 25, 26, 27, 28, 28а, Бейбітшілік көшесіндегі №77, 77а, 79 үйлердің тұрғындары сусыз қалды.

"2010 жылдың 27 мамырындағы сағат 22.30-да су қамтамасыздығы толық қайта жанданды",- деп хабарлайды ТЖМ.

Апатты жоюға "Астана Су Арнасы" мемлекеттік мекемесінің апаттық бригадасының 8 адамы мен 4 техникасы тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны