20.12.2009, 09:17 2694

Астанада су құбырындағы апат салдарынан 4 тұрғын үй сусыз қалды

Астанада су құбырындағы апат салдарынан 4 тұрғын үй сусыз қалды

Астана. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада су құбырындағы апат салдарынан 4 тұрғын үй сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, апат Сарыарқа ауданындағы Абай даңғылында 20 желтоқсанда сағат 06.00-де болды.

"Құбырдың тозығы жетуі салдарынан диаметрі 100 миллиметрлік су құбыры жарылды. Соның салдарынан Абай даңғылындағы №19, 35, 37, 37/1 үйлердің тұрғындары сусыз қалды. "Астана Су Арнасы" ҚКК апаттық тобы төтенше жағдайдың зардабын жоюға бүгін таңертең кіріседі", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Ақтөбеде кеше сағат 05.12-де магистралдық диаметрі 700 миллиметрлік М-2 жылу желісі жарылды. Апат салдарынан 1 сағат жылу берілмей қалды.

"Қазір жылу уақытша схемамен берілуде. Төтенше жағдайды жоюға "Трансэнерго" АҚ-ның 25 адам мен 9 техникадан құралған апаттық бригадасы тартылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны