08.01.2009, 09:38 1545

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырындағы апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Сарыарқа ауданында Бөгенбай мен Жеңіс даңғылдарының қиылысында 7 қаңтарда сағат 06.30-да құбырдың ескіруі салдарынан диаметрі 300 миллиметрлік суық су құбыры жарылды, соның салдарынан Жеңіс даңғылындағы 14 үй, Бөгенбай даңғылындағы екі үй мен Желтоқсан көшесіндегі бір үйдің тұрғындары сусыз қалды.

Сағат 18.10-да су жіберілді. Оқыс оқиғаны жоюға "Астана су Арнасы" МКК 8 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны