04.09.2009, 09:35 1850

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада су құбырындағы апат жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "4 қыркүйек күнгі сағат 03.00-дегі жағдаймен "Астана Су Арнасы" ҚКК-ның 7 адамы мен 4 техникасының күшімен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды ", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада су құбырындағы апат салдарынан 16 тұрғын үй сусыз қалды.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат 2 қыркүйекте сағат 22.30-да Сарыарқа ауданында, Қарасай батыр мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. "Жөндеу жұмыстары кезінде диаметрі 250 миллиметрлік су құбыры жарылды, соның салдарынан Қарасай батыр көшесіндегі 20, 21, 24/2, 24/1; Кривогуз көшесіндегі үйлер мен жеке меншік сектордағы 12 үй сусыз қалды", -делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны