25.01.2010, 10:56 1656

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астана. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада су құбырындағы апат жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 23 қаңтарда сағат 15.50-дегі жағдаймен "Астана су арнасы" МКК 10 адамы мен 5 техникасының күшімен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23 қаңтарда сағат 03.15-те Астанада Бөгенбай батыр даңғылындағы №24 үйдің жанында диаметрі 400 миллиметрлік су құбыры жарылды. Апат салдарынан Бөгенбай батыр көшесіндегі бес көп қабатты үйдің тұрғындары сусыз қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны