17.06.2009, 09:51 1110

Астанада су құбырындағы апаттың салдарынан тоғыз үйдің тұрғындары сусыз қалды

Астанада су құбырындағы апаттың салдарынан тоғыз үйдің тұрғындары сусыз қалды

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырындағы апаттың салдарынан тоғыз тұрғын үйдің тұтынушылары су қамтамасыздығынан қағылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Сарыарқа ауданындағы Одинцовтар көшесінде 17 маусымда сағат 06.30-да "Алсим Алако" ЖШС жүргізіп жатқан жер қазу жұмыстары кезінде диаметрі 100 миллиметрлік суық су құбырына ақау келді. Соның салдарынан Одинцовтар көшесіндегі екі, Ақжайық көшесіндегі жеті үйдің тұтынушылары су қамтамасыздығынан қағылды.

Оқиға орнында "Астана Су Арнасы" ҚКК-ның 7 адам мен 4 техникадан құралған апаттық тобы жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны